2023 жылдың екінші тоқсанында үй шаруашылығының азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған шығыны 13,9% өсіп, 421,1 мың теңгені құрады.
Бұл шығынның азық-түлік тауарларына жұмсалған барлық шығындардағы үлесі 92%, жалпы тұтыну шығынындағы үлесі 52%.
Салыстыру үшін: былтыр сәйкес кезеңде азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған шығын 369,8 мың теңгені құрап, бір жылда 9,6% көбейді.
Өңірлер бойынша азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға ең көп шығын Түркістан облысының тұрғындары арасында тіркелді: бір тоқсанда 557,5 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 13,9% артық.
Одан кейін Маңғыстау (551,6 мың теңге, 10% көбейген), Атырау (512,4 мың теңге, 14,5% көбейген), Ұлытау (502,5 мың теңге, 30% көбейген) және Алматы (484,3 мың теңге, 7,6% көбейген).