Қазақстандықтар арасында салық саласындағы консультация танымал бола бастады

Фото: https://www.shutterstock.com/

2023 жылдың қаңтар–қыркүйегінде құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызметтердің көлемі 110,4 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай түрде 2,6% артық. Жалпы, 2022 жылы сала бойынша қызмет көрсету көлемі 145,1 млрд теңгеге жетті.

Үш тоқсанның қорытындысы бойынша, қызмет көрсету көлемінің 86,7%-ы тек Алматы мен Астананың үлесіне тиді: тиісінше 65 млрд теңге және 30,7 млрд теңге. Сондай-ақ айтарлықтай көлем Атырау (2,4 млрд теңге), Қарағанды ​​(2,2 млрд теңге), Қостанай (1,6 млрд теңге), Ақтөбе (1,3 млрд теңге) облыстарында және Шымкентте (1,1 млрд теңге) байқалды. Қалған өңірлердің үлесіне барлығы 6 млрд.

Саладағы қызмет көрсету құрылымында 74,9 млрд теңге бухгалтерлік қызметке, оның ішінде 37,1 млрд теңге есеп құру және бухгалтерлік есеп саласындағы қызметке, 33,5 млрд теңге қаржылық тексеру қызметіне, 3,3 млрд теңге салық саласындағы консультацияға түсті.

Құқық саласындағы қызметтер 35,6 млрд теңгені құрады, оның 5,8 млрд теңгесі — адвокаттық қызметке, 42,2 млн теңгесі — нотариус қызметіне, 29,8 млрд теңгесі — құқық саласындағы басқа қызметтер.

Естеріңізге сала кетейік: 2021 жылы кірістер туралы жалпыға бірдей декларация жұмыс істей бастады, оны енгізу төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезең шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалардың және олардың жұбайларының мүлкі декларациялауға жатады. Екінші кезең мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және олардың жұбайларына қатысты. Үшінші кезең аясында биыл 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларының, жеке кәсіпкерлердің және олардың жұбайларының мүлкі декларациялануға жатады. Ал 2025 жылдан бастап төртінші кезең аясында декларациялар барлық басқа санаттағы тұлғаларға қатысты болады.

Қазақстандықтар арасында салық саласындағы консультация танымал бола бастады