Қазақстандық омарташылар бал экспортын көбейтті, бірақ одан пайдасы көбейген жоқ

Фото: https://www.shutterstock.com/

11 просмотров

2023 жылдың тоғыз айында қазақстандық омарташылар бал экспортын 2,1 есе арттырды. 69,9 тонна тәтті өнім басқа елдерге сатуға жіберілді. Бұл жетістік шаруаларды қатты қуанта қоймаса керек: отандық жеткізушілер биыл сату көлемі көбейгенімен экспорттық бағаның төмендеуіне байланысты былтырғыдан тіпті 19,7% аз табыс тапты. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы алғашқы үш тоқсанында ақшалай есептегенде бал экспорты небәрі 100,1 мың АҚШ долларын құраса, 2022 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында ол 124,7 мың АҚШ долларына жеткен.

Ұзақ мерзімді динамика қазақстандық бал экспортының қаншалықты төмендегенін көрсетеді. 2017–2021 жылдар аралығында отандық экспорттаушылар жеткізілімдерді жыл сайын арттырды. Былтыр жағдай күрт өзгеріп, шетелге сату 3,9 есе, яғни 225,4 тоннадан 58,1 тоннаға дейін қысқарды. Себебі қазақстандық балдың негізгі сатып алушысы Өзбекстан сатып алу көлемін 7 есеге жуық қысқартқан.

Биыл Өзбекстан Қазақстанның бал өнімдерінің негізгі сатып алушысы болып қалды, бұл елдің экспорттағы үлесі 62,9%. Көрші сатып алушының болғаны жақсы, бірақ Өзбекстан үшін балдың экспорттық бағасы басқа импорттаушылармен салыстырғанда ең төмен бағаның бірі: тоннасына небәрі 1 мың АҚШ доллары. Тек Ресей ғана қазақстандық балға аз төлейді (тоннасына 0,7 мың АҚШ доллары), бірақ бұл өнімнің өте аз бөлігі РФ-ға экспортталады. Балды тоннасына тиісінше 16 мың АҚШ долларын және 10,4 мың АҚШ долларын төлеуге дайын Гонконгқа немесе БАӘ-ге сату ең тиімді. Қытай да жақсы төлейді: 7,6 мың АҚШ доллары.

Қазақстандық омарташылар бал экспортын көбейтті, бірақ одан пайдасы көбейген жоқ