Биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, елімізде 36,5 млрд теңгеге пошта және курьерлік қызмет көрсетілді, бұл былтырғыдан бірден 38,2% артық. Инфляцияны ескере отырып нақты өсім 30,5% болды. Халыққа 11,8 млрд теңгенің қызметі көрсетілді, бұл сектордағы барлық қызметтің 32,3%-ы.
Салыстыру үшін: былтырғы сәйкес кезеңде пошта және курьерлік қызмет көлемі 26,4 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 2% аз.
Өңірлер бойынша қызметтердің басым бөлігі Алматыда көрсетілді: 20,4 млрд теңгеге — 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда бірден 39,1% артық.
Үздік үштікке сондай-ақ Астана (4,3 млрд теңге, бір жылда 50,7% өскен) және Қарағанды облысы (1,5 млрд теңге, 37,5% өскен) кірді. Алғашқы бестікке Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстары да енген. Ең аз қызмет көрсетілген өңір Ұлытау: бар болғаны 55 млн теңге.