Қазақстандағы экология: әлемдік рейтингтер не дейді?

Фото: https://www.shutterstock.com/

Ең лас елдер рейтингінде Қазақстан 111 елдің ішінде 30-орында. Елдің ластану индексі 73. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, ел соғұрлым ластанған болып саналады. Әлемнің ірі қалаларының ішінде Алматы 251 қаланың ішінде 48-орында. Қала индексі — 78,5.

Индекс дүние жүзіндегі қалалардағы ластанудың жалпы деңгейін бағалайды. Ол ауа мен судың ластануы, қалдықтарды кәдеге жарату, тазалық, шу мен жарықтың ластануы, жасыл кеңістіктер және ластануға байланысты өмір сүру жайлылығы сияқты факторларды ескереді.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ластану деңгейі бойынша Әзірбайжаннан кейін екінші орында тұр. ТМД-дағы ең таза ел — Беларусь. Ресейде, Арменияда, Украинада* және Молдовада да жағдай ҚР-ға қарағанда жақсырақ болып шықты.

Рейтингте Моңғолия, Мьянма және Ливан сияқты елдер ең лас болса, Финляндия, Исландия және Эстонияны ең таза деп санауға болады.

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

Қазақстандағы экология: әлемдік рейтингтер не дейді?