Қазақстанда жеңіл автокөліктер өндірісі 41% өсті

Фото: https://www.shutterstock.com/

45 просмотров

Былтыр Қазақстанның автокөлік нарығы үшін өте қиын болды: саланың жалпы өсуінің өзінде қазақстандықтар үшін жаңа көлік сатып алу қиынға соқты, кейде бюджеттік көліктерді де, премиум санаттағы көліктерді де айлап күтуге тура келді. Бірақ қазір автосалондарда қазақстандықтар арасында танымал брендтердің жаңа көліктері бар, ал басқа модельдер мен брендтерді күту уақыты 1-2 айға дейін қысқарды.

COVID-19 салдарынан онсыз да бұзылған логистикалық жеткізу тізбегін қиындатқан жартылай өткізгіш дағдарысы Қазақстан нарығына ғана емес, бүкіл әлемге қатты әсер етті. Дегенмен, мұның өзінде қазақстандық автокөлік нарығы әлемдік сатылыммен салыстырғанда оң динамика көрсетіп, екінші жартыжылдықтан бастап өсті. Бұған автокөлік компоненттерін жеткізудің жаңа тізбегін құру, олардың импорттық бағыттарын кеңейту және жаңа жеткізушілерді іздеу ықпал етті.

Қазақстанда жаңа көліктер өндірісі де айтарлықтай өсті. Мәселен, 2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда барлық үлгідегі 113,9 мың автокөлік шығарылды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,8% артық. Барлық өндірілген көліктердің 103,3 мыңы жеңіл автокөліктер, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 28,1% өсті.

Биыл саланың өсу үрдісі жалғасуда. Мәселен, 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 19,5 мың автокөлік шығарылды, бұл 2022 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 36,7% артық. Оның ішінде жеңіл автокөліктер 17,5 мыңды құрап, бір жылда 41,3% өсті.

Қазақстанда жеңіл автокөліктер өндірісі 41% өсті