Қазақстанда соңғы бірнеше жылда алғаш рет бау-бақша қысқарды

Фото: https://www.shutterstock.com/

Қазақстанның бау-бақша өсірушілері орақ науқанын бастады. Оның нәтижесі туралы айту әлі ерте, бірақ маусымның соңында қауын-қарбыздың жалпы өнімі бір жыл бұрынғыдан көп болады деген болжам бар. Бір жыл бұрын қауын өсірушілер жақсы нәтижемен мақтана алмады. Біріншіден, бау-бақша дақылдарының егіс алқаптары 8,9% қысқарды. Бұл 2017 жылдан бері бұрын-соңды болмаған төмендеу. Қауын-қарбыз алқаптары шамамен 10 мың гектарға азайып, 100,3 мың гектар болды. Биыл Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспары бойынша, бау-бақша өсірушілер егістікті бұрынғы көлемге дейін көбейтіп, 109,8 мың гектарға жеткізуі тиіс болатын.

Қазақстанда соңғы бірнеше жылда алғаш рет бау-бақша өнімдерінің жалпы жиыны азайды. Шаруа қожалықтары 2,6 млн тонна өнім алған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,1% аз. Жалпы, қауын-қарбыз 2017 жылдан бері алғаш рет азайған, оған дейін көрсеткіш тек өсіп отырды.

Қазақстанда қарбыз ең көп өңір Түркістан облысы. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мұнда барлық бау-бақша өнімдерінің 59%-ы өсіріледі. Екінші орындағы Жамбыл облысының үлесі 19,7%, үшінші орында Қызылорда (6,9%).

ҚР СЖРА ҰСБ мәліметінше, өнімнің жеке түрлері ресурстарының тепе теңдігіне және пайдаланылуына қарағанда, Қазақстан өз нарығын қауын-қарбызбен толықтай дерлік қамтамасыз етеді. Сатылымдағы ішкі өнім үлесі 99,1%. Импорт айтарлықтай аз: былтыр 62 мың тонна болды. Ал оның ішкі нарықтағы үлесі 1%-ға жетпейді. Импортталатын қауын-қарбыз негізінен Өзбекстаннан әкелінеді.

Қазақстанда соңғы бірнеше жылда алғаш рет бау-бақша қысқарды