Қазақстанда мемлекеттік және шетелдік ЖОО азайып, жеке меншік ЖОО көбейіп келеді

Фото: https://www.shutterstock.com/

15 просмотров

Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ЖОО саны 122-ден 116-ға дейін азайды. Жабылған оқу орындарының саны алтаудан көп. Мысалы, 2021 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің (Ғылым және жоғары білім министрлігі) Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті сегіз жоғары оқу орнының жұмысын тоқтатқан хабарлады. 2022 жылы сот шешімімен тағы үш қазақстандық ЖОО білім беру лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар бұл жылдары елімізде жаңа университеттер мен институттардың филиалдары ашылды.

2017–2022 жылдарға арналған меншік түрлері бойынша ЖОО құрылымы жоғары білім беру жүйесін трансформациялау нәтижелерін көрсетеді. Көптеген мемлекеттік университеттер жеке меншікке айналды. Бұл саладағы мемлекеттік мекемелердің үлесі 2017 жылдан бері 38,5%-дан 25,9%-ға дейін, абсолютті санда 47-ден 30-ға дейін қысқарған. Сондай-ақ шетелдік меншіктегі ЖОО саны 5-тен 2-ге, ал олардың үлесі 4,1%-дан 1,7%-ға дейін азайғанын атап өтуге болады.

Тиісінше, шетел университеттерінде оқитын студенттер саны да әлдеқайда азайды. ҚР-дағы 578,2 мың адамның 4,2 мыңы ғана шетелдік ЖОО-да оқиды. Соңғы бірнеше жылда мұндай оқу орындарына түсіп, оқып жатқандар саны 23,5% азайған. Сонымен қатар, шетелдік ЖОО-да білім алуға ынталы жастардың саны әлдеқайда көп. Еуразиялық экономикалық одақтағы талапкерлер ең көп шығатын ел Қазақстан екені тегін емес. 2021/2022 оқу жылында ҚР-дан 61 мыңнан астам студент ЕАЭО-ның басқа елдерінің университеттерінде білім алды.

Қазақстанда мемлекеттік және шетелдік ЖОО азайып, жеке меншік ЖОО көбейіп келеді