Қазақстан екінші жыл қатарынан азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар инфляциясы бойынша ЕАЭО-да бірінші орында. Елімізде азық-түлік одақтағы ең қымбат болмағанымен, басқа елдермен салыстырғанда қаттырақ қымбаттап келеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) дерегі былтыр қаңтар–желтоқсанда ҚР-да тұтынушылық азық-түлік тауарларының бағасы 15,2%, ал жалпы ЕАЭО бойынша бар болғаны 5,7% өскенін көрсетті. 2022 жылдың соңында жағдай ұқсас болды: жалпы одақ бойынша азық-түлік 15,4% қымбаттағанда Қазақстанда бағаның 19% қымбаттады.
Дегенмен, Қазақстан азық-түліктің қымбаттауында барлық түрінен бірінші орында емес, көбінде ғана. Бағасы ең жылдам өсетін бағалар тізімінде ет, сүт өнімдері, жарма, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер бар. Бір қызығы, осы санаттардың көпшілігінде Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және импортқа тәуелді емес. Мәселен, ҚР-да сүт және сүт өнімдері былтыр 21,1% қымбаттады. Бір жылдағы баға өсімінде Қазақстан одақтас елдерді артта қалдырды. Ресейде сүт бар болғаны 2,6%, Беларусьте — 9%, Қырғызстанда — 10,4%, Арменияда — 4,3% қымбаттады. Мал шаруашылығы өнімдері бағасының динамикасындағы үлкен айырмашылық тіпті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сату бағасы деңгейінде де байқалады. ЕЭК сарапшыларының бағалауынша, былтыр ЕАЭО-да мал шаруашылығы өнімдерінің құнының өсуі 4,3%, Қазақстанда 7,2% деңгейінде болды.
ЕЭК статистикалық есептері қорытынды жасауға мүмкіндік береді: Одақ елдерінің ішіндегі ең қымбат өнім Арменияда, ең арзаны Беларусьте. Қазақстанда азық-түліктің тұтыну бағасы орташа деңгейде және ресейлік бағаға жақын.