Қазақстан тұрмыстық техника және компьютер импорты мен реэкспортын көбейте түсті. Бірақ онда еуропалық және америкалық тауарлардың үлесі аз

Фото: https://www.shutterstock.com/

18 просмотров

Қазақстан өзі өндірмейтін қосылған құны жоғары өнімдер экспортын көбейте түсті. 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында зерттелген 11 өнім санатының тоғызында экспорт шынымен өсті. Қазақстаннан өнеркәсіптік кір жуғыш машина (бес есе), электр-механикалық тұрмыстық техника, миксер, электротехника (үш есе), теледидар (жеті есе) сияқты тауарларды экспорттаудың физикалық көлемі артты. Тек желдеткіш аен бейнекамера экспорты тиісінше 61% және 96,1% азайды.

Биыл қаңтар-ақпан айдарында барлық дерлік санат бойынша өсім байқалды. Жыл басында Қазақстанда өндірілмейтін тауарлардың реэкспорты шынымен ұлғайды. Бір қызығы, Қазақстанға әкелінетін тұрмыстық және компьютерлік техниканың негізгі бөлігі Еуропа мен Америкада өндірілмейді. 2022 жылға арналған осы тауарлар импортының физикалық көлемінде ЕО елдері мен АҚШ өнімдерінің үлесі 5%-ға әрең жетеді. Тек екі тауарлардың кеңейтілген тобында батыс елдерінің үлесі бұл көрсеткіштен жоғары. ЕО елдері мен АҚШ-тың Қазақстан шаңсорғыш импортындағы үлесі 10,4%, интегралды электронды схема импортындағы үлесі — 10,1% құрады. Бір қызығы, АҚШ-тан жеткізілімдердің физикалық көлемі Еуропамен салыстырғанда өте аз. Қазақстан үшін негізгі еуропалық жеткізушілер Польша, Литва, Германия, Чехия, Ұлыбритания сияқты елдер.

Импортқа келетін болсақ, аталған тауар түрлері артты. Кейбірінің импорты айтарлықтай өсті — мысалы, желдеткіш пен сорғыш, сондай-ақ өнеркәсіптік кір жуғыш машина — үш есе дерлік, теледидар қабылдағышы — 44,5% ұлғайды. Тауарлардың көпшілігінің импорт көлемі 12%–15% өсті.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында бұл өсім жалғасып, тіпті күшейе түсті. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстан осы кезеңде теледидар қабылдағышы мен электронды есептеуіш машина, сондай-ақ миксерді екі есеге, бейнекамераны үш есе, кір жуғыш машинаны — алты есе көп импорттады.

Қазақстан тұрмыстық техника және компьютер импорты мен реэкспортын көбейте түсті. Бірақ онда еуропалық және америкалық тауарлардың үлесі аз