Қазақстан сырттан келуші туристерді тартуда Орталық Азияның басқа елдерінен қалып қойды

Фото: https://www.shutterstock.com/

Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси кедергілерден қатты зардап шеккен сала былтыр 2019 жылғы деңгейдің 88%-на дейін қалпына келді. Халықаралық салалық ұйымның сарапшылары 2024 жылы бұл көрсеткіш 100%-на жететініне сенімді, өйткені әлемде туристік саяхатқа қанағаттандырылмаған сұраныс сақталады.

Туризм саласына ғана емес, сонымен қатар көлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтандыру салаларына да табыс әкелетін шетелдік қонақтар үшін күресте Қазақстан әлі керемет нәтиже көрсеткен жоқ. Туристік рейтингтердің біріне сүйенсек, былтыр Қазақстан келген туристер саны бойынша әлемнің 202 елі арасында 64-орынға ие болды. Countrycassette.com халықаралық интернет басылымның мәліметінше, бір жыл ішінде республикаға 2 млн-ға жуық резидент емес саяхатшы келген. Біздің елдің жалпы үлесі айтарлықтай емес — небәрі 0,2%.

Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдеріне келетін туристер санын салыстыру нәтижесі Қырғызстан мен Өзбекстанда туризмнің әлдеқайда жақсы дамығанын көрсетеді. Қырғызстандағы биік таулы көлдердің жағасына және Өзбекстандағы көне мешіттерге Қазақстанға қарағанда үш-төрт есе көп турист келетіні де осыдан. Ал туризмнің көшбасшылары — Франция (бір жылда 117,1 млн турист), Польша (88,5 млн), Мексика (51,1 млн) елдерімен біздің еліміздің көрсеткішін салыстыруға келмейді.

Қазақстан сырттан келуші туристерді тартуда Орталық Азияның басқа елдерінен қалып қойды