Қазақстан секонд-хенд санатындағы тауарлар экспортын 60 еседен артық көбейтті

Фото: https://www.shutterstock.com/

Соңғы үш жылда Қазақстан секонд-хенд экспортын 60 еседен астамға арттырды. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, былтыр ҚР-дан басқа елдерге 51,8 мың тоннаға жуық пайдаланылған киім-кешек және басқа да пайдаланылған заттар жөнелтілген. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстаннан шетелге қайта өңделетін киімді сатудың физикалық көлемі небәрі 833 тоннаны құраған. Жеткізу көлемінің ұлғаюы 2021-2022 жылдары болды. 2022 жылы қазақстандық секонд-хенд компаниялары импорттаушылардан 2,3 млн АҚШ долларын алды.

Қай елдер Қазақстаннан секонд-хенд сатып алады? Олардың саны 37. Экспорт ТМД елдері мен Еуропаға, АҚШ-қа, тіпті Аустралияға дейін жетеді. Бірақ біздің негізгі нарық — Орталық Азия. Қазақстаннан шыққан барлық киілген киім экспортының 98,3%-ы Тәжікстанға жіберіледі. Былтырғы 51,8 мың тонна жалпы көлемнің 50,9 мың тоннасы осы елге жөнелтілді. Өзбекстанның үлесі 1,7%. 2022 жылы онда 858 кило киілген киім жөнелтілді.

Соңғы бес жылдағы импорттың кедендік статистикасы ҚР-ға пайдаланылған киімді импортының азайғанын көрсетеді: жыл сайын 1,2 мыңнан 2 мың тоннаға дейін. 2022 жылы импорт көлемі 1,8 мың тоннаны құрады (2021 жылмен салыстырғанда 11,9% азайған). Пайдаланылған киім-кешек бағасының өсуіне байланысты, тіпті осы заттарды сатып алу көлемі аз болса да, Қазақстан былтыр 2021 жылмен салыстырғанда 19,4% көп төледі: 3,9 млн АҚШ доллары.

Бір қызығы, Қазақстан екінші қолдағы тауарларды өзі сатып алғаннан бірнеше есе көп сатады. Салыстырыңыз: 1,8 мың тонна импортқа қарсы 51,8 мың тонна экспорт. Бұл ҚР еуропалық қайта өңделетін киімдерді Орталық Азияға паралель сатумен айналыспайтынын көрсетеді.

Қазақстанға киілген киімдерді сатушы Еуропа елдері. Былтыр салмақпен өлшенетін киімдердің барлық импортының жартысынан көбі Нидерландтан (24,5%) және Германиядан (30,9%) келді. Одан кейінгі орында Ресей (11,7%). Қазақстан сонымен қатар Бельгия, Финляндия, Литва, Беларусь елдерінен де сатып алады.

Қазақстан секонд-хенд санатындағы тауарлар экспортын 60 еседен артық көбейтті