Қазақстан ауылшаруашылық шикізатынан көбірек табыс таба алады

Фото: https://www.shutterstock.com/

Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі жоғары және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көбінен азық-түлік тәуелсіздігі бойынша Еуразиялық аймақтағы көшбасшылар үштігіне кіреді. Еуразия даму банкінің сарапшылары осы тақырыпта жүргізілген зерттеу нәтижелері туралы баяндамасында осындай қорытындыға келді.

ЕАДБ экономистері өз баяндамасында әлемдегі инфляциялық үрдістерге баға берді және азық-түлік қолжетімділігінің қысқаруын ескере отырып, таяу жылдардағы азық-түлік бағасының өсетінін болжады. Агроөнеркәсіп кешенінде ресурстық әлеуеті жоғары Қазақстан үшін бұл мүмкіндіктер ұсынуы мүмкін. Зерттеу авторларының пайымдауынша, республика ауылшаруашылық шикізатының әлдеқайда көп көлемін өндіріп, одан көп табыс таба алар еді. Қазақстанның пайдаланылмаған экспорттық әлеуеті 41,2%-ға бағаланады.

Болашақтың ауыл шаруашылығы әлеуетін есептеу үшін зерттеу авторлары дамудың екі ықтимал сценарийін — инерциялық және мақсатты түрде қарастырды. Біріншісі агроөнеркәсіптік кешен қазіргі кездегі үрдістер бойынша дамиды деп болжайды. Екінші сценарий — елдердің стратегиялық тұрғыдан қолға алатын шараларына байланысты дамиды.

ЕАДБ есептеулері бойынша, инерциялық сценарий бойынша Қазақстан 2035 жылға қарай (2021 жылмен салыстырғанда) ауыл шаруашылығы ресурстарының құнын 43,8% арттырады. Ел өз нарығы мен экспорты үшін 4,6 млрд АҚШ долларының өнімін шығарады деп болжануда. Ұлттық бағдарламаларда алға қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізу мүмкін болса, онда әлеует 2021 жылмен салыстырғанда 93,8% артып, 6,2 млрд АҚШ долларына жетеді.

Қазақстаннан экспорттан табатын табысының көбі астықтан түседі. Бұл ауыл шаруашылығы дақылының шетелге сату мүмкіндігі жақсы — 2035 жылы 7 млн тоннадан 9,9 млн тоннаға дейін. Май-тоңмай өнеркәсібі мен сүтті мал шаруашылығының экспорты да өсуі мүмкін.

Қазақстан ауылшаруашылық шикізатынан көбірек табыс таба алады