Қазақстан ақыры қант қызылшасы егістігін айтарлықтай ұлғайтуды жоспарлап отыр

Фото: https://www.shutterstock.com/

Соңғы бес жылда Қазақстанда қант қызылшасы егістігі биыл алғаш рет екі есеге жуық — 10,2 мыңнан 19 мың гектарға ұлғайды. Өсім 87,1%. Өткен жазда Қазақстанда болған қант дағдарыстан кейін оның егістік алқабы күрт ұлғайтылды.

Импорттағы кедергілерден туындаған қант тапшылығы ішкі өндірісті дамыту керектігін көрсетті. Дереу 2022–2026 жылдарға арналған қант өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Онда Қазақстанда отандық шикізатты өңдеу есебінен ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету небәрі 7% екені айтылған (2021 жылғы мәлімет). Қалғаны — өңдеуге арналған импорттық шикізат және импортталған дайын түйіршіктелген қант.

Жоспарды дайындаған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қант қызылшасының тапшылығын жыл сайын егіс алқабын кемінде 6,5 мың гектарға ұлғайту арқылы шешуді ұсынып отыр. Жалпы 2026 жылға қарай қызылша егістігі 38 мың гектар болуы тиіс. Ол үшін әлі де көп жұмыс істеу керек, өйткені Қазақстанда құрғақ климатқа байланысты қант қызылшасын суармалы егістіктерде өсіру қажет, бұл мәселеде бізде қиындықтар бар. Диқандардың өздері қызылша алқабын 120–150 мың гектарға, яғни министрліктің жоспарлы көрсеткішінен кемінде үш-төрт есеге арттыру арқылы ғана қант өнеркәсібін шикізатпен толық қамтамасыз етуге болады деп есептейді.

Статистика көрсеткендей, қант қызылшасының егістік алқаптарының жалпы қысқаруы былтыр 30%, ал бір жыл бұрын тағы 4,5% болды. Бұл өз кезегінде қызылшаның жалпы өнімінен көрінді — көрсеткіш төрт жыл қатарынан азайды. 2022 жылы қызылша түсімі 305,7 мың тоннаны құрады, бұл өткен маусыммен салыстырғанда 8% аз. Ал былтырғы түсім төрт жыл бұрынғы ең жоғары көрсеткіштен 40% азайды. Еске салсақ, 2018 жылы 504,5 мың тонна қызылша жиналған.

Қазақстан ақыры қант қызылшасы егістігін айтарлықтай ұлғайтуды жоспарлап отыр