IT қызметінің 90%-ы Астана мен Алматыға тиесілі

Фото: https://www.shutterstock.com/

15 просмотров

Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, экономиканың бақыланбайтын секторын қосқанда компьютерлік бағдарламалау, сондай-ақ сектордағы консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер көлемі 476,8 млрд теңге болды — былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ақшалай бірден 56,4% көп. ФКИ 137,2% (яғни сектордағы қызмет көлемінің нақты өсімі 37,2%).

Экономиканың бақыланбайтын секторын қоспағанда, сектордағы қызмет көлемі 473,1 млрд теңгеге жетіп, жылдық өсім 55,1% болды.

Республика бойынша сектордағы барлық қызметтердің 90,4%-ы тек негізгі мегаполистер — Алматы мен Астанада көрсетілген. Алматыда бұл көрсеткіш 215,4 млрд теңгені құрады, бұл былтырғыдан 28,2% артық. Елордада компьютерлік бағдарламалау, сондай-ақ консульациялық және басқа да ілеспе қызметтер көлемі бір жыл бұрын 108,5 млрд теңге болса, биыл 2 есеге жуық өсіп, 212,1 млрд теңгеге жетті.

Батыс Қазақстан облысы мегаполистерден үлкен алшақтықпен үшінші орында: бір жыл бұрын 1,6 млрд теңге болса, биыл 7,1 млрд теңге.

Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау, Түркістан және Жетісу облыстарында тіркелді.

IT қызметінің 90%-ы Астана мен Алматыға тиесілі