Телекоммуникация саласындағы жаһандық тренд бүгінде сымсыз мобильді желілерді дамытуға бет бұруда, оны ұялы байланыс абоненттері санының өсуі растайды. Қазақстанда 2022 жылдың соңында 25,1 млн абонент тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3% көп.
Қазақстандағы мобильді интернет дүниежүзілік желіге шығудың негізгі көзі. Егер 2022 жылдың соңына қарай елімізде интернетке тіркелген 2,9 млн абонент болса, интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттерінің саны бір жылда 3,1% өсіп, 17,4 млн-ға жетті.
Қазақстандықтар мен ел қонақтары үшін ұялы байланысты үш оператор ұсынады: «Kcell» (Kcell және Activ сауда белгілері), «Мобайл Телеком-Сервис» (Tele2 және Altel сауда белгілері) және «Кар-Тел» (Beeline сауда белгісі).