ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) келісімшартпен жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін қаржылық міндеттемелер тізбесін кеңейтуді ұсынады. Фрилансерлерді әлеуметтік салық төлеуге мәжбүрлемек. Бұл ретте салық жүктемесін еңбек шартымен жұмыс істеу тиімді болатындай жоғары етіп қою ұсынылады. Талқыланған өзгерістер млн-нан астам қазақстандықты қамтуы мүмкін.
Көтеру ұсынылған салық ауыртпалығы бұл адамдарға қаншалықты әсер ететінін түсіну үшін олардың қандай кірістерін жариялағанын қарау керек. 2021 жылға арналған ЕРДО деректері жұмыспен қамтылғандардың осы санатының табысы төмен екенін көрсетеді. Табыстың орташа деңгейі ҚР-дағы қызметкерлердің орташа жалақысының 71,5%-ын ғана құрады. Қазақстандағы барлық фрилансерлердің 18%-ы бір уақытта екі жұмыс берушіде, 10%-ы үш жұмыс берушіде жұмыс істеуінің бір себебі де осында.
Шегерімдердің 20,8%-дан 34%-ға дейін артуы АҚС келісімшартымен жұмыс істеудің экономикалық тиімділігіне күмән тудырады. Өйткені еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер үшін шегерімдердің жалпы жүктемесі төменірек. Заңнамалық өзгерістердің ықтимал салдарының бірі фрилансерлердің санының азаюы немесе олардың кейбіреулерінің көлеңкеге кетуі болуы мүмкін.