Биыл тамыздың соңында ҚР-да фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір айда 0,3%, бір жылда 9,8% өсті.
Ай сайынғы динамика бойынша бағаның ең көп өсімі Ақмола облысында (1,3%), ең азы Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстарында (әр облыста 0,1% ғана) тіркелді. Тағы екі облыста — Абай мен Павлодарда баға бұрынғы деңгейде қалды, ал Батыс Қазақстан (0,3%) және Шығыс Қазақстан (0,7%) облыстарында баға арзандады.
Жылдық динамика бойынша бағаның ең көп өсімі Алматы (16,6%), Ұлытау (14,7%) және Қызылорда (14,4%) облыстарында, ең азы — Жетісу облысында (4,7%) байқалды. Ешбір аймақта бағаның төмендеуі немесе ең болмағанда бағаны бұрынғы деңгейде ұстап тұру байқалған жоқ.