Биыл шілде айының соңында ет, оның ішінде ет өнімдерінің бағасы бір айда 0,3%, бір жылда 11,2% қымбаттады.
Өңірлер бойынша бір жылда ең көп қымбаттаған өңір Астана: 16,3% қымбаттаған. Одан кейін Алматы (15,5% қымбаттаған) және Солтүстік Қазақстан (15,2% қымбаттаған) облыстары. Бағаның ең аз өсімі Түркістан облысында тіркелді: 5,7%.
Ет түрлері бойынша сиыр еті – 11,5%, қой еті – 7,1%, шошқа еті – 11,9%, жылқы еті – 9,1%, қайнатылған шұжық – 14,5%, жартылай ысталған шұжық – 12 ,7% қымбаттады.
Дүкендер мен базарлардағы сиыр етінің құны ҚР бойынша орта есеппен килосына 2,6 мың теңге, қой еті – 2,8 мың теңге, шошқа еті – 2,2 мың теңге, жылқы еті – 3 мың теңге, қайнатылған шұжық – 2,8 мың теңге, жартылай ысталған шұжық – 3,3 мың теңге тұрады.