Биыл екінші тоқсанда үй шаруашылықтарының темекі өнімдеріне жұмсаған шығыны бір жыл ішінде 12,2% өсіп, 12,6 мың теңгені құрады.
Елімізде ең кқп темекі шегушілер Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары: екінші тоқсанда облыстағы әрбір үй орта есеппен темекі өнімдеріне 23 мың теңге жұмсаған — былтырғыдан 18,3% артық. Одан кейін Ақмола (22,7 мың теңге) және Қарағанды (20,8 мың теңге) облыстары.
Маңғыстау облысының тұрғындары темекі өнімдеріне ең аз ақша жұмсаған: 3,5 мың теңге — былтырғыдан 11,6% көп.
![Еліміздің қай өңірінде темекіге көп ақша жұмсалады?](https://ranking.kz/wp-content/uploads/2023/10/1kz-22.png)