Биыл қаңтар–шілде қорытындысы бойынша, әуе компаниялары 7,3 млн адамды тасымалдады, бұл былтырғыдан 26,1% артық.
Ең жоғары көрсеткіштер Алматыда тіркелді: 2,5 млн адам, бір жылда 27,6% көбейген. Одан кейін елорда (1,9 млн адам) және Шымкент (678,5 мың адам). Әуе көлігімен ең аз жолаушы тасымалданған өңір Алматы облысы: 2,8 мың адам.
Жолаушылар айналымы 14,5 млрд жкм құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,5% артық.
Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, ҚР-дағы әуе жолаушылар көлігі қызметі бір жылда 10,5% қымбаттады.
Өңірлер бойынша баға ең қатты қымбаттаған өңір Жетісу облысы: бірден 52,7%. Одан кейін Қызылорда (46,9%) және Солтүстік Қазақстан (15,9%) облыстары. Ең аз қымбаттаған өңір Маңғыстау облысы: 0,7%.
Батыс Қазақстан облысында баға өткен жылдың деңгейінде қалды. Еліміздің тағы алты облысында — Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарында баға төмендеді.