Биыл тамыз айының соңында жиһаз және тұрмыстық заттар бағасы бір жылда 19,2% өсті.
Өңірлер бойынша Шығыс Қазақстан (33,1%), Ақмола (31,1%), Қарағанды (29,6%), Алматы (26,6%) және Қостанай (25,9%) облыстарыда қатты қымбаттады.
Ең аз жылдық баға өсімі Маңғыстау облысында тіркелді: 4,3%.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар металл орындықтар мен басқа да отыратын жиһаздарға деген сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 32,6% қамтамсыз етті, бір жыл бұрын көрсеткіш 51,6% болған. Ағаш орындықтарға сұранысты 13,3%, басқа орындық жиһаздарға сұранысты 2,1% қамтамасыз етті.
Кеңсе ағаш жиһазының өндірісі салыстырмалы түрде жақсырақ: жарты жылда отандық өндірушілер сұраныстың 77,3%-ын қамтамасыз етті; бөлшек сауда кәсіпорындары үшін жиһаз сегментінде бұл көрсеткіш 67,5%, асүй жиһазы секторында — 63%, матрас сегментінде — 56,9% (бір жыл бұрын 61,1% болған) құрады. Бірақ асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһазға сұраныс 13,3% ғана жабылған.
Осылайша, жалпы ел өзін өзі әлі жиһазбен қамти алмай отыр.