Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) маңуызы өсіп келеді. Егер пандемияның бірінші жылында медициналық сақтандыру жүйесінің үлесі барлық медициналық шығындардың үштен бірінен (32,4%) әрең асқан болса, биыл қазан айында бұл көрсеткіш 43,7%-ға жетті. Қазақстандық медицинаға қажет 2,5 трлн теңгенің 1,1 трлн теңгеге жуығы МӘМС-тен түскен ақша. Динамикаға қарасақ, жыл сайын қор түсім көлемін айтарлықтай ұлғайтып келеді: 2021 жылы — 37,5%, 2022 жылы — 23%, биыл — 17,2%.
ӘМСҚ жылдық есебінің мәліметінше, былтыр қор өзінің қысқа тарихында рекордтық аударымдар мен жарналарды жинады: шамамен 1,1 трлн теңге. Ақшаны бәрі бірдей берген жоқ. Сақтандырылғандардың үлесі 2022 жылы халықтың 82,4%-ын немесе 16,3 млн адамды (19,7 млн-нан) ғана құрады. Оның ішінде 11,5 млн қазақстандық жарна төлеуден босатылған, бұл әлеуметтік жағынан осал санаттар — зейнеткерлер, балалар және т. б. Мемлекет 10 млн азаматқа жарна төледі. Өз қалтасынан жарна төлеген жұмысшылардың үлесі («жұмыс берушінің есебінен» дегеннің өзінде) небәрі 24,8%-ды (4,9 млн адам) құрады. Тағы 3,6%-ы кәсіпкерлер, бірыңғай әлеуметтік төлемдерді төлеушілер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесіне тиді. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатыспайтындар көп: 3,5 млн адам немесе 17,6%. Олар тек жедел медициналық көмекке иек арта алады.
Қызметкерлердің салымшылары жалпы халықтың төрттен бірін ғана құрайтынына қарамастан, олардың жарналары қордың жалпы жылдық кірісінің жартысынан астамын құрайды. Мұны өткен жылдағы ӘМСҚ қаржыландыру құрылымының мысалында көруге болады. 1,1 трлн теңгенің 611,6 млрд теңгесі қорға жұмыс берушілер мен қызметкерлердің жарналары түрінде түскен. Азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін мемлекеттік аударымдар 39,9% немесе 435,2 млрд теңгені құрады.