Елде антибиотик тұтыну азайғанымен, сырқаттану азаймай тұр

Фото: https://www.shutterstock.com/

Қазақстанда антибиотикке сұраныс төмендеді. Соңғы бір жылда мұндай бактерияға қарсы препараттарды ішкі нарықта сату көлемі соңғы бірнеше жылдағы ең төменгі деңгейге жақындап, 47,7% төмендеді. Елімізде 40 тоннадан сәл астам антибиотик қолданылған. Бұл коронадағдарысының бірінші жылындағы көрсеткіштен екі есе төмен.

Ішкі сұраныстың төмендеуіне байланысты шетелдік жеткізушілер осы санаттағы препараттардың ҚР-ға экспортын қысқартты: былтыр физикалық мәндегі көрсеткіштер екі есе — 62,4 тоннадан 28,9 тоннаға дейін төмендеді. Сұраныс пен импорттан кейін мұндай дәрілік заттардың отандық өндірісі де былтыр тоқырауға ұшырады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2023 жылы қазақстандық фармацевтикалық зауыттар небәрі 12,3 тонна антибиотик өндірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,6% аз. Антибиотиктердің отандық өндірісі пайдаланылған ресурстардың 29,9%-ын ғана қамтиды.

Бұл ретте мына үрдісті атап өтуге болады: антибиотикке сұраныстың төмендеуі суық тиіп ауырудың аясында болып жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылмен салыстырғанда былтыр жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекцияларының таралуы 2,7 есе өскен. Қызылша індеті Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткішке жетті. Бірақ 2022 жылдың соңынан кейін коронавирустық инфекцияны жұқтыру күрт төмендеді — сырқаттану көрсеткіші 36,5 есе төмендеді.

Әрине, ұсынылған деректер антибиотикке деген сұранысқа ықтимал әсердің жағдайын ішінара ғана көрсетеді. Антибактериалды препараттар қолданылатын басқа аурулар көп, оның ішінде антибиотикті қажет етпейтін тыныс алу жолдарының инфекциялары да бар. Алайда, ҚР СЖРА ҰСБ толығырақ статистикалық мәліметтерді жарияламайды.

Елде антибиотик тұтыну азайғанымен, сырқаттану азаймай тұр