Биыл қыркүйекте дәрі-дәрмектерге, емдік жабдықтар мен құрылғылар бір жылда 12,4% қымбаттады.
Өңірлер бойынша Ақмола облысында бір жылда 22,3% қымбаттады. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы (20,3% көбейген) және Алматы (17,1% көбейген). Түркістан облысында жылдық бағаның өсімі ең төмен: 5%.
Биыл қаңтар–шілде қорытындысы бойынша, елге 791,8 млн АҚШ долларына 15,8 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Импорт өсімі заттай 8,8% көбейсе, ақшалай 2,5% азайған.
ТМД елдерінен 72,1 млн АҚШ долларына 4,8 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Мұнда импорттың негізгі көлемін Ресей қамтамасыз етті: 3,5 мың тонна — былтырғымен салыстырғанда 5,7% аз. Одан бөлек Беларусь пен Украина* да Қазақстанға айтарлықтай көлемде дәрі-дәрмек сатты.
ТМД-дан тыс елдерден Қазақстан 719,7 млн АҚШ долларына 11,1 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады. Мұнда Қазақстан үшін негізгі жеткізуші Қытай: 2,3 мың тонна дәрі-дәрмек — былтырғы қаңтар–шілдемен салыстырғанда 15,5% артық. Үздік үштікке Германия мен Үндістан кірді.
* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.