Биыл үшінші тоқсан қорытындысы бойынша, демалыс және спорттық қызметтердің бағасы бір тоқсанда 4,1%, бір жылда 17,4% өсті.
Демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер ішінде балалар аттракциондары ең қатты қымбаттады: 23,5%.
Сондай-ақ мектеп жасындағы балаларға арналған бассейндер мен спорт сабақтарының бағасы да айтарлықтай өсті: тиісінше 20,4% және 15%.
Тренажер залдарына мүшелік пен музыка сабақтары тиісінше 12,3% және 6,4% қымбаттады.
Өңірлер арасында бағаның неғұрлым елеулі өсімі Жетісу облысында байқалды: 42,9%. Одан кейін Түркістан (38,5%) және Батыс Қазақстан (27,4%) облыстары. Бағаның ең аз өсімі Атырау (6,6%) және Қостанай (7,6%) облыстарында тіркелді.
![Демалыс және спорттық шаралар қызметі 17% қымбаттады](https://ranking.kz/wp-content/uploads/2023/10/1kz-8.png)