Қазақстандағы былғары өнеркәсібі биыл айтарлықтай құлдырады. 2023 жылдың қаңтар–қыркүйегінде 2022 жылдың алғашқы үш тоқсанымен салыстырғанда ірі қара малы терісінің өндірісі 55,8% төмендеді. Өңдеушілер 54,8 млн ш. дм өнім шығарғанын хабарлады (2022 жылы қаңтар–қыркүйекте — 123,9 млн ш. дм). Бұл тоқырау былғары өнеркәсібінің соңғы жылдары қол жеткізген шағын табыстарын жоққа шығарды. Былтыр сектордағы өндірістің максималды қарқыны тіркелді: 144 млн ш. дм.
Алайда тері илеушілердің сәтсіздігі аяқ киім өндірушілердің жұмысына ешқандай әсер еткен жоқ. ҚР СЖРА Ұлттық статистикалық бюросының деректеріне сүйенсек, биыл алғашық тоғыз айда 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аяқ киім өндірісі біршама көбейген (7,4%). Фабрикалар мен зауыттар 1,2 млн жұп аяқ киім шығарды. Жылдық тұтынуы 40 млн жұпты құрайтын Қазақстан үшін бұл өте аз.
Жалпы, былғары және былғарыға жататын өнім өндірісі құндық мәнде тұрақты оң динамика көрсетеді. 2023 жылдың алғашқы үш тоқсанында былғары өңдеушілер мен былғары бұйымдарын өндірушілер 11,7 млрд теңгенің өнімін шығарды, көрсеткіш бір жылда 11,1% өскен. «QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ мамандарының мәліметтеріне сүйенсек, жеңіл өнеркәсіпте тері өнеркәсібінің үлесі аз: небәрі 8,4%. Ақшалай есептегенде негізгі өнім — киім, тоқыма және кілем өнімдері: 2023 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында 127,9 млрд теңге болды.
Қазақстанның тері өнеркәсібінде бірнеше ірі кәсіпорыр бар. Олардың қатарында «ТаразКожОбувь» ЖШС, «Almaty tannery+» ЖШС, «Semey tannery» ЖШС, «Turan-Skin» ЖШС, «Pertropavlovsk tannery» ЖШС және т. б. бар.