2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, ҚР-да автокөліктерге техникалық қызмет және жөндеу қызметі көлемі 83,1 млрд теңге болды, бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 40,7% артық.
Өңірлер бойынша барлық қызметтердің 39,6%-ы оңтүстік астана Алматыға тиесілі: 32,9 млрд теңге — былтырғы бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда құндық мәнде 56,5% көп. Алғашқы бес өңірге сондай-ақ Астана қаласы (9,9 млрд теңге, 31,9% көбейген), Атырау (6,4 млрд теңге, 33,5% көбейген), Қарағанды (4,1 млрд теңге, 65% көбейген) және Шығыс Қазақстан (3,9 млрд теңге, 24,3% көбейген) облыстары кірді.
Сала бойынша ең аз қызмет Ұлытау (83,6 млн теңге), Қызылорда (582,5 млн теңге) және Жетісу (661,7 млн теңге) облыстарында көрсетілген.
Осы уақытта жеке көліктерді пайдалану бір жылда 15,7% қымбаттады. Соның ішінде қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар, сондай-ақ жанармай материалдары бір жылда 15,9%, техникалық қызмет және жөндеу 14,6% қымбаттады.