Бір жылда түйіршіктелген қант бағасы 17% төмендеді, бірақ рафинад қант 19% қымбаттады

Фото: https://www.shutterstock.com/

2023 жылдың қаңтар–шілде айларында отандық компаниялар 174,9 мың тонна қамыс немесе қызылша қант пен сірне өндірді. Былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 7,4% азайды. Бұл ретте бір жыл бұрын өндіріс 18,6% өскен.

Қамыс немесе қызылша қанты және қатты күйдегі химиялық таза сахароза импорты 2023 жылдың қаңтар–маусым айларында 278,8 мың тоннаны құрады — бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үштен бірге артық. ҚР-ға негізгі қант жеткізушілер — Ресей мен Бразилия, Бұл ретте Ресейден импорт бір жылда 2,5 есе, 157,7 мың тоннаға дейін, ал Бразилиядан 3,8%, 111,9 мың тоннаға дейін өсті. Естеріңізге сала кетейік, былтыр «қант дағдарысы» болды, оның негізгі себебі біздің елімізге қант пен оның өндірісіне керек шикізатты негізгі жеткізуші Ресейде қант экспортына салынған тыйым болды.

2023 жылы шілдеде қант бірден 1,1% арзандады. Жалпы, биыл айлық динамикадағы қант бағасы маусым айында аздап өсті: 0,5%. Салыстыру үшін: былтыр шілдеде қант бір айда 6,1%, 2022 жылы маусымда 12,8% қымбаттады, ал бағаның ең елеулі өсімі наурызда болды: 33,2%.

Жалпы, қант арзандады, бірақ тауар санаттарында жағдай әртүрлі. 2023 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, түйіршіктелген қант бір жылда 17,4% арзандағанымен, рафинад қант керісінше, 18,8% қымбаттады. Салыстыру үшін, бір жыл бұрын түйіршіктелген қант 87,3%, ал рафинад қант 69,7% қымбаттаған.

Бір жылда түйіршіктелген қант бағасы 17% төмендеді, бірақ рафинад қант 19% қымбаттады