2022 жылы елде өндірістегі жазатайым оқиғалардан 2,4 мың адам зардап шекті, бұл бір жыл бұрынғыдан 14,8% көп. Көбіне жұмысшылар кәсіптік аурулардан (657 адам), топтық жазатайым оқиғалардан (287 адам), уланудан (34 адам) зардап шекті. Бұл ретте оқыс оқиға кезінде 18 адам алкогольдік масаң күйде, 5 адам есірткілік масаң күйде, 4 адам психикалық бұзылыс жағдайында болған.
Өңірлер бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардан ең көп зардап шеккендер Қарағанды облысында болды: 460 адам — бір жыл бұрынғыдан 14,3% аз. Одан кейін Ұлытау (307 адам) және Шығыс Қазақстан (233 адам) облыстары.