2023 жылдың маусымында кинотеатр қызметі бір жылда 14,1% қымбаттады, бұл барлық уақыттағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі (осы жылдың сәуірінде 14,7%).
Өңірлер бойынша кинотеатр қызметі құнының ең жоғары өсуі Ақмола облысында байқалды: бір жылда бірден 66,7%. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан (32,9%), Қызылорда (29,1%) және Абай (25%) облыстары.
Бағаның ең төмен өсімі Атырау облысында тіркелді: 2,2%. Қарағанды облысында баға өзгермесе, Шымкентте керісінше 2,8% төмендеген.
Биыл бірінші тоқсанда кино, бейнефильмдер мен телебағдарламалар шығару, сондай-ақ дыбыс жазу және музыкалық шығармаларды басып шығару саласындағы қызмет көлемі 19,9 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай түрде бірден 75,3% артық.