Биыл бірінші тоқсанда ауыл, орман және балық шаруашылығында 1 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,4% аз. Оның ішінде салада жұмыс істейтіндердің 611,8 мыңы ерлер, 424,6 мыңы әйелдер. Агроөнеркәсіп кешенінде 491,4 мың жалдамалы жұмысшы болса, тағы 545 мың адам жұмыспен қамтылған халықтың басқа санаттарына тиесілі.
АӨК-те жұмыспен қамтылғандардың көпшілігінің техникалық және кәсіптік білімі бар: 549,5 мың адам, бір жыл бұрынғыдан 4,6% аз. Тағы 255,5 мың адамның бастауыш, негізгі және жалпы орта білімі (2,9% азайған) және 231,4 мың адамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар (бірден 17,4% аз).
Жас топтары тұрғысынан алғанда агроөнеркәсіптік кешенде жұмыспен қамтылған жастардың аз екені анық. Салада жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі 35-44 жас аралығындағы адамдар: 235,4 мың адам (бұл осы салада жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі барлық жастар санынан көп). Тағы 225,9 мың адам — 45-54 жас аралығында, 169 мың адам — 29-34 жас аралығында, 165,3 мың адам — 55-64 жас аралығында, 40 мың адам — 65 жастан асқандар.
Жастар арасында 15 жастағылар саны бір жыл бұрынғы 133-пен салыстырғанда 38 адамға азайды, 16-24 жас аралығындағылар саны — 111,7 мыңға дейін (8,2%), 25-28 жас аралығындағылар — 89, 1 мыңға дейін (15,6%) азайған.