2023 жылғы қазанның соңында қант бір айда аздап 0,2% ғана қымбаттады. Сонымен қатар, биыл маусымда да бағаның өсуі (0,5%) байқалды, ал қалған айларда қант арзандады.
Бір жыл ішінде қант бағасы 15,1% арзандаса, былтыр қазанда 74,8% қымбаттаған. Естеріңізге сала кетейік: 2022 жылы қант төңірегінде қарбалас туып, оның бағасы айтарлықтай көтерілді, бұл бірінші кезекте АШМ мен СИМ елдегі тапшылықтың жасанды екендігі туралы ақпаратты халыққа жеткізе алмауынан.
ҚР-да 2023 жылғы қазанның соңында түйіршіктелген қанттың бір килосының орташа бөлшек бағасы 425 теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қазандағыдан (515 теңге) айтарлықтай төмен, бірақ 2021 жылғы қазанмен салыстырғанда (288 теңге) жоғары.
Биыл қазанда Астанада (килосына 455 теңге), Өскеменде (455 теңге), Қонаевта (454 теңге) және Талдықорғанда (451 теңге) қымбат болса, Орал (385 теңге), Ақтау (388 теңге) және Ақтөбеде (389 теңге) арзан.