Биыл қаңтар–мамыр айларында ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына салынған инвестиция 269,9 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар–мамырмен салыстырғанда ақшалай түрде бірден 34,6% көп (ФКИ — 130,8%).
Салаға құйылған инвестиция көлемінің 98%-дан астамы өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызмет көрсетуге тиесілі: 264,9 млрд теңге, оның ішінде 174,8 млрд теңге — маусымдық дақылдарды өсіруге, тағы 62,2 млрд теңге — мал шаруашылығына.
Балық аулау және балық өсіруге инвестиция 2023 жылдың қаңтар–мамыр айларында 4,9 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан ақшалай түрде 2,2 есе көбейді, ал орман шаруашылығы және ағаш дайындау саласына 136,9 млн теңге ғана болды.