Биыл қазанда балаларды дамыту орталықтары қызметі былтырғымен салыстырғанда 5% қымбаттады.
Өңірлер бойынша баға ең көп Түркістан облысында өсті: бір жылда 41,5%. Одан кейін Маңғыстау (26,6%) және Ақтөбе (22,4%) облыстарында айтарлықтай қымбаттады.
Балаларды дамыту орталықтары қызметі ең аз қымбаттаған өңір Атырау облысы: 3,1%. Тағы екі өңірде — Алматы қаласы мен Ұлытау облысында баға былтырғы деңгейде қалды. Алматы облысында 0,5% арзандады.
![Балаларды дамыту орталықтарының қызметі 5% қымбаттады](https://ranking.kz/wp-content/uploads/2023/11/1kz-24.png)