Азық-түлік өндірісінеинвестиция: қай өңірлер көш басында?

Фото: https://www.shutterstock.com/

Биылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, азық-түлік өндірісі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 62,5 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,9% артық. Инфляцияны ескергенде нақты өсім 13,4%.

Өңірлер бойынша азық-түлік өнімдері өндірісіне ең көп инвестиция Алматы облысында тіркелді: 15,6 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан бірден 3 есе артық.

Алғашқы бестікке Солтүстік Қазақстан (14,1 млрд теңге), Ақмола (5,1 млрд теңге), Түркістан (4,5 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан (4,1 млрд теңге) облыстары да кірді. Салаға ең аз инвестиция Маңғыстау облысында байқалды: бар болғаны 27,9 млн теңге — бір жыл бұрынғыдан 95,1% аз.

Азық-түлік өндірісінеинвестиция: қай өңірлер көш басында?