2023 жылғы қаңтар–мамырда тамақ өнеркәсібі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 46,3 млрд теңге болды, бұл 2022 жылғы қаңтар–мамырмен салыстырғанда ақшалай түрде 3,5% көп. (ФКИ — 101,7%). Бұған дейін үш жыл қатарынан осы кезеңде салаға салынған инвестиция көлемі жыл сайын 20%-дан астам өсіп отырған.
Өңірлер бойынша азық-түлік өнімдерін өндіруге салынған инвестицияның жартысына жуығы тек екі облысқа — Алматы (14,5 млрд теңге) және Солтүстік Қазақстан (8,4 млрд теңге) облыстарына тиесілі. Ақмола облысында да инвестицияның қомақты көлемі тіркелді: 4,8 млрд теңге.
Секторда ең төменгі көрсеткіштер Маңғыстау және Атырау облыстарында тіркелді: тиісінше 5,9 млн және 31,8 млн теңге. Ұлытау өңірінде бұл салаға инвестиция құйылған жоқ.