Биыл мамырдың қорытындысы бойынша, азық-түлік тауарлары бір айда 0,5%, бір жылда 16,5% қымбаттады. Бір ай бұрын айлық динамикада 0,9%, жылдық динамикада 17,9% қымбаттаған.
Өңірлер бойынша бір айда баға ең көп Ұлытау облысында өсті: 1,4%. Одан кейін Жамбыл, Қостанай (әрқайсысында 1,1%) және Ақмола (1%) облыстарында айтарлықтай өсті. 20 өңірдің ішінде Алматы, Шымкент және Павлодар облыстарында сектордағы баға бір айда өзгерген жоқ.
Жылдық динамикада ең көп баға өсімі Маңғыстау облысында тіркелді: бірден 20,7%. Одан кейінгі орында Ақмола (18,1%) және Қызылорда (17,9%) облыстары. Азық-түлік бағасының ең аз жылдық өсімі Алматы қаласында тіркелді: 14,3%.