Биылғы ақпанның қорытындысы бойынша, аяқ киім бағасы бір жыл ішінде 20,5% өскен. Оның ішінде ерлер мен әйелдер аяқ киімі 18,2%, балалар аяқ киімі 26,5% қымбаттады.
Бағаның өсуін ең көп Маңғыстау облысының тұрғындары сезінді: бір жылда бірден 31,5%-ға. Шымкент (30,2%) мен Астанада (28%) да қатты қымбаттады. Баға ең аз өскен өңір Ұлытау облысы, оның өзі 13,7%.
Ерлердің аяқ киімі Ақтөбе облысында, әйелдер аяқ киімі Маңғыстау облысында, балалар аяқ киімі Шымкентте ең көп қымбаттады. Ерлерге арналған аяқ киім бағасының ең аз қымбаттаған Ұлытау облысы, әйелдер аяқ киімі ең аз қымбаттаған — Батыс Қазақстан, балалар аяқ киімі ең аз қымбаттаған — Қостанай.