Биыл қаңтар–маусымда ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында негізгі капиталға инвестиция 432,7 млрд теңгеге жетті — былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 26,2% артық. Инфляцияны ескерсек, нақты өсім 22,1%.
Инвестицияның көп бөлігі өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына, аң аулауға және қызмет көрсетуге жұмсалды: 426 млрд теңге, бір жылда 25,4% көбейген. Балық шаруашылығына және аквашаруашылыққа салынған инвестиция бір жылда 2,2 есе өскенімен, бар болғаны 6,4 млрд теңге. Орман шаруашылығына және ағаш дайындауға салынған инвестиция 2,7 есе көбейіп, 256,6 млн теңгеге жетті.
Өңірлер бойынша сектордағы инвестициялардың ең көп көлемі Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі болды: 86,4 млрд теңге — былтырғымен салыстырғанда 12,2% артық.
Одан кейін Павлодар (62,7 млрд теңге, бір жылда 25,7% өскен) және Қостанай (48,7 млрд теңге, 32,9% өскен) облыстары. Бұдан әрі Ақмола (41,8 млрд теңге) және Түркістан (41,3 млрд теңге) облыстары.