2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы облысында 133,5 мың шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеді. Алматы агломерациясының кеңеюіне байланысты облыстың даму әлеуеті жоғары. Облыста ірі сауда нарығы — оңтүстік астана бар. Алматы қаласына жақындығы және осыған байланысты логистикалық шығындардың төмендігі өңірдегі көптеген ауылдар мен шағын қалалардың аумағын өндіріс үшін тартымды инвестициялық алаңға айналдырады.
ҚР СЖРА Ұлттық статистикалық бюросының мәліметі бойынша, тоғыз аудан мен Қонаев қаласының ішінде төртеуі кәсіпкерлікті дамыту бойынша ең белсенді болып қала береді — Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар және Іле. Жалпы осы төрт ауданда шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі жалпы облыс көрсеткішінің 73%-ын құрайды.
Талғар ауданы кәсіп ашқысы келетіндер санының күрт өсуіне байланысты ШОБ секторындағы белсенді дамып келе жатқан аудандардың біріне айналды. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында онда 20,4 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Жылдық өсім 42,7%-ды құрады. Бұл бір жыл ішінде ауданда мұндай құрылымдық бөлімшелердің саны 6,1 мыңға артқанын білдіреді. Алты айда барлық жеке кәсіпкерлер мен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің заңды тұлғалары бірлесіп 120,7 млрд теңгенің өнімін өндірді.
Бастапқыда жасалған көмектің арқасында бизнесмендердің қатарын көбейтуге мүмкіндік туды. Талғар ауданы әкімдігінің мәліметінше, былтыр «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы бойынша 811,5 млн теңге бөлінген. Ақша несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға (727 млн теңге) және несиелерді кепілдендіруге (84,5 млн теңге) жұмсалды. 17 кәсіпорын қолдау алып, жұмысын бастады.