Алманың арзандығы бойынша Қазақстан әлем бойынша 98 елдіңң ішінде 19-орында

Фото: https://www.shutterstock.com/

2023 жылғы 13 қарашадағы жағдай бойынша, алманың арзандығы бойынша Қазақстан әлем бойынша 98 елдің ішінде 19-орында болды. Республикада бір кило алманың құны 1,22 АҚШ доллары — бұл рейтингке қатысушы барлық ТМД елдері арасындағы ең жоғары баға.

Рейтингтің басында биыл қараша айында бір кило алма 0,69 доллар тұратын Украина*. Одан кейінгі орында Солтүстік Македония мен Польша. Әлемдегі ең қымбат алма Оңтүстік Корея, Пуэрто-Рико және АҚШ-та.

ТМД елдері арасында Украинадан бөлек, рейтингте Беларусь (0,95 АҚШ доллары), Әзірбайжан (1,14 АҚШ доллары), Армения (1,15 АҚШ доллары), Ресей (1,15 АҚШ доллары) және Өзбекстан (1,2 АҚШ доллары).

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

Алманың арзандығы бойынша Қазақстан әлем бойынша 98 елдіңң ішінде 19-орында