2023 жылдың тамыз айының соңында, яғни 2022 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда алкогольсіз сусындар 22,7% қымбаттады, бір жыл бұрынғы өсім 23,3% болған. ҚР-да газдалған сусындар орта есеппен 21,9% қымбаттады. Бағаның ең көп өсімі Ақмола (33,1%), Қызылорда (29,6%) және Ақтөбе (27,7%) облыстарында байқалды. Газдалмаған сусындар бірден 26,6% қымбаттады. Өңірлер ішінде бағаның айтарлықтай өсімі Батыс Қазақстан (70,6%), Ақмола (48%) және Атырау (47,4%) облыстарында байқалды.
Минералды және ауыз су бағасы бір жылда 21,1% (бір жыл бұрын — 27,2%) өсті. Оның ішінде ауыз су 20,5%, минералды су 21,5% қымбаттады. Өңірлер ішінде ауыз су бағасының айтарлықтай өсімі Ақмола (35,4%) және Ақтөбе (33,4%) облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында (26,7%) байқалды. Минералды су бағасының ең көп өсімі Батыс Қазақстан (49,7%), Павлодар (42,9%) және Қызылорда (28,7%) облыстарында байқалды.
Елімізде алкогольсіз сусындар өндірісі былтырғымен салыстырғанда артқан. Мәселен, 2023 жылғы қаңтар–тамызда минералды және газдалған тәттілендірілмеген және хош иістендірілмеген су өндірісі 493,4 млн литрді құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2% артық. Басқа алкогольсіз сусындар өндірісі 1,7 млрд литрді құрап, бір жыл ішінде 7,5% өсті.