Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді.
Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра — 34,8%, 29 млн литрге дейін, арақ — 13,4%, 4,1 млн литрге дейін, шарап — 4,7%, 2 млн литрге дейін азайды.
Бұл ретте ликерлер және өзге де спиртті сусындар өндірісі, керісінше, бірден екі есе өсіп, 189,9 мың литрге жетті.
Алкоголь өнімдерінің бағасына келетін болсақ, биыл ақпанның соңында бір айда 0,7% және бір жылда 11,8% қымбаттаған.
Ай сайынғы динамика бойынша арақ пен сыра 0,7%, шарап 0,4% қымбаттады. Жылдық динамикада арақ — 5,7%, шарап — 11,5%, сыра — 18% қымбаттады.