2022 жылдың қорытындысы бойынша, әлемде 5G желісінің абоненттерінің саны алғаш рет 1 млрд-тан асты, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі еседей көп. Бесінші буын желілерінің үлесі бір жылда 6,7%-дан 12,5%-ға дейін өсті. Болашақта өсу динамикасы жалғасады. Осылайша, Ericsson болжамы бойынша, 2028 жылдың соңына қарай 5G абоненттерінің саны шамамен 5 млрд-қа жетеді, бұл нарықтың жартысынан көбін (53,9%) құрайды.
Өз кезегінде, 2022 жылы 4G желісінің абоненттерінің саны шарықтау шегіне жетті: 5,2 млрд немесе нарықтың 61,5%-ы. Сонымен бірге, 2023 жылдан бастап 5G-нің дамуы есебінен бұл буын үлесінің біртіндеп төмендеуі болжануда. Алдыңғы буын желілері (2G, 3G) құлдырауын жалғастыруда.
5G 4G-ге қарағанда 100 есе жылдам және адамдар мен бизнес үшін түбегейлі жаңа, бұрын қол жетімсіз болған мүмкіндіктер жасайды. Жоғары қосылу жылдамдығы, тым төмен кідіріс және үлкен өткізу қабілеттілігі салалар трансформациясын, қоғамның дамуын және күнделікті желіні пайдалану сапасының айтарлықтай жақсаруын қамтамасыз етеді. 5G технологиясы арқылы қауіпсіз, ақылды және тұрақтырақ болашақ құруға болады.