2022 жылы әлемдік автонарық айтарлықтай құлдырады

Фото: https://www.shutterstock.com/

15 просмотров

2022 жылдың соңында әлемдік автокөлік нарығы жаңа жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника сатылымы бойынша 2021 жылдың көрсеткіштеріне жақындай алмады деуге болады. Былтыр бүкіл әлем бойынша дилерлер 81 млн-ға жетер-бетпес жаңа көлік сатты. Көрсеткіш 2021 жылдағыдан 0,6% аз.

Тіпті автокөлік нарығы мен автокөлік өнеркәсібінің көшбасшысы Қытайда сатылым көлемі бір жылда 4,4% өсіп, 26,6 млн-ға жеткенімен, әлемдік көрсеткішті жақсарта алмады. Ал бұл рекордтық 28,6 млн автокөлік өндірген 2017 жылдан кейінгі ең ірі көрсеткіш.

АҚШ-та сатылым 7,8% азайып, 13,7 млн, Батыс Еуропада — 6,2%, 11,6 млн болды. Жапонияда 2022 жылы сатылым көлемі 1977 жылдан бергі минимумға құлдырап, 2021 жылдағыдан 5,2% азайып, 4,2 млн ғана көлік сатылды. Осылайша төртінші жыл қатарынан сатылым азайып отыр.

2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда сатылымның ең елеулі төмендеуі Шығыс Еуропада байқалды: 26,8% құлдырап, 2,9 млн болды. Оған Ресейдің Украинаға соғысы әсер етті. Көрсеткіштің төмендеуіне бірінші кезекте Ресейдің өзіндегі сатылымның бірден 60% азаюы ықпал етті.

Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында жаңа жеңіл автокөлік пен коммерциялық техника сатылымы бір жылда 5,3% өсіп, 123,8 мыңды құрады. Қазақстанның автокөлік өнеркәсібі Ресейден жеткізілімге және дистрибуцияға тәуелділікті азайта алды, сондай-ақ шығарылатын автокөлік ассортиментін ұлғайта алды. ҚР-дағы автокөлік жеткізушілермен де дер кезінде жұмыстар жүргізілді.

2022 жылы әлемдік автонарық айтарлықтай құлдырады