Биыл он айдың қорытындысы бойынша, мал шаруашылығы жалпы өнімі 3,5 трлн теңгеге жетіп, былтырғыдан ақшалай түрде 17,2% көбейді. Бұл ретте нақты мәндегі өсім 3,3%.
Өңірлер бойынша ең көп өнім өндірген Түркістан облысы: 379,8 млрд теңге, нақты мәнде 1,8% көбейген.
Алғашқы бестікке Алматы (368,9 млрд теңге, 2,9% көбейген), Ақмола (309,2 млрд теңге, 4,2% көбейген), Абай (268,3 млрд теңге, 2,8% көбейген) және Солтүстік Қазақстан (266,1 млрд теңге, 2,2% көбейген) облыстары кіреді.
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, ҚР-дағы ірі қара мал басы 9 млн болды, бұл былтырғыдан 2,9% көп. Оның ішінде 4,8 млн сиыр болды, бұл 2022 жылдың 1 қарашасындағы көрсеткіштен 5% артық.
Тауық жұмыртқасы өндірісі 4,1 млрд дана (1,7% азайған), сүт өндірісі — 5,7 млн тонна (2,8% көбейген).
Ірі мал терісі өндірісі бір жылда 1,9%, 2,6 млн-ға, ал ұсақ мал терісі өндірісі 1,4%, 5,9 млн өнімге дейін өсті.