Ғылым назардан тыс қалды ма? Ғылымға салынған инвестиция екінші жыл қатарынан азайды

Фото: https://www.shutterstock.com/

131 просмотров

2022 жылдың қаңтар–қараша айларында кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласында негізгі капиталға салынған инвестиция 45,5 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 14,7% аз. Нақты көлем индексіне (81,1%) қарасақ, нақты мәнде төмендеу 18,9%-ды құрады.

Салыстыру үшін: 2021 жылдың сәйкес кезеңінде секторға салынған инвестиция құндық мәнде бір жылда 42,5% азайып, 53,4 млрд теңге болды.

Өңірлер бойынша кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы күрделі салымдардың ең көп көлемі Астанаға тиесілі: 10,3 млрд теңге, бір жылда құндық мәнде 1,8% көбейді.

Алматы екінші орында: 8,9 млрд теңге, бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1% көп. Үздік үштікті Қызылорда облысы түйіндеді: 6 млрд теңге, жылдық өсім — 13,2%. Үздік үш өңірге елдегі барлық инвестицияның 55,4%-ы тиесілі.

Ең аз инвестиция Жетісу өңірінде: небәрі 158,9 млн теңге. Одан бөлек Павлодар мен Ақмола облыстарында да аз.

Ғылым назардан тыс қалды ма? Ғылымға салынған инвестиция екінші жыл қатарынан азайды