Әуе қатынасы бір жылда 17% қымбаттады

Фото: https://www.shutterstock.com/

137 просмотров

2022 жылдың желтоқсан айы қорытындысы бойынша әуе көлігімен жолаушы тасымал қызметі құны бір жылда 16,8% өсті.

Өңірлер бойынша ең көп Батыс Қазақстан облысында қымбаттады: бірден 67%. Одан кейін Абай (57,3% қымбаттады) және Қостанай (43,2% қымбаттады) облыстары.

ҚР-ның 20 өңірінің ішінде тек Ұлытау және Алматы облыстарында ғана баға төмендеді: тиісінше 20,8% және 3,9%.