HoReCa саласына инвестиция нақты мәнде 11% көбейді

Фото: https://www.shutterstock.com/

11 просмотров

2023 жылғы қаңтар–қазанда тұру және тамақтандыру қызметі секторына инвестиция көлемі 108,5 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар–қазанға қарағанда ақшалай түрде 17,4% көп (ФКИ — 111,4%).

Өңірлер бойынша секторға ең көп күрделі инвестиция Түркістан облысында салынды: 22,5 млрд теңге. Сондай-ақ Ақмола (15,4 млрд теңге) және Алматы (13 млрд теңге) облыстарында және Алматыда (12,3 млрд теңге) көп инветсиция салынды.

Инвестиция ең аз Қызылорда (849,8 млн теңге), Павлодар (1,1 млрд теңге) және Ұлытау (1,1 млрд теңге) облыстарында салынды.

Тұру және тамақтандыру қызметі саласындағы қаржыландырудың негізгі көзі бизнестің меншікті қаражаты: 2023 жылғы қаңтар–қазанда меншікті қаражаттан салынған инвестиция 93,4 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда құндық мәнде бірден 31,5% көп.

Инвестицияның 7,4 млрд теңгесі банктік емес қарыз қаражат 3,4 млрд теңге және 2,8 млрд теңге жергілікті және республикалық бюджетке тиесілі. Тағы 1,5 млрд теңге банк несиесі.

HoReCa саласына инвестиция нақты мәнде 11% көбейді